Құпиялылық саясаты
Жаңартылған күні: 23.11.2026
Деректерді кім өңдейді
Оператор — «Zhebe Logistics» ЖШС. Біз дербес деректерді Қазақстан Республикасының № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңдейміз.
- БСН: 071240009372
- Мекенжай: 050016, Алматы қ., Жетісу ауданы, Райымбек к-сі 211, «ЖЕТІСУ» БО, № 22 кеңсе
- Телефон: +7 747 310 00 85
- Email: info@zhebelogistics.kz
Қандай деректерді жинаймыз
- Өтінім формаларынан — сіз көрсеткен мәліметтер: аты-жөніңіз, телефон, email, компания атауы, ыңғайлы байланыс тәсілі, түсініктеме, бағыт, жүк пен тасымал туралы мәліметтер, тіркелген файлдар.
- Автоматты түрде: IP-мекенжай, өтінім жіберілген бет, келу көзі және жарнамалық белгілер (UTM), cookie — Cookie саясаты.
Не үшін
Өтінімді өңдеу, сізбен байланысу, тасымал құнын есептеу және сайттың қалай пайдаланылатынын түсіну (аналитика) үшін.
Қайда сақтаймыз
Серверлер мен резервтік көшірмелер — Қазақстан Республикасында.
Кімге береміз
- amoCRM — өтінімдер: бұл біз олармен жұмыс істейтін жүйе.
- Google және Яндекс — сайтқа кіру деректері мен cookie. Аты-жөні мен телефон оларға берілмейді. «Қабылдау» батырмасын басқанға дейін тек Google Tag Manager жүктеледі және Google-ға cookie файлдарынсыз қызметтік сигналдар жіберіледі; аналитика мен жарнама cookie файлдары тек «Қабылдау» батырмасын басқаннан кейін орнатылады.
Олардың серверлері Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін. Бұл — деректерді трансшекаралық беру: формадағы келісім белгісін қоя отырып, сіз осы Саясатпен, соның ішінде деректерді amoCRM-ге берумен келісесіз; Google мен Яндекстің cookie файлдарына хабарламадағы «Қабылдау» батырмасымен келісесіз.
Қанша уақыт
Өңдеу мақсаттарына жеткенге дейін немесе келісім қайтарып алынғанға дейін.
Сіздің құқықтарыңыз
Сіз бізде қандай деректеріңіз бар екенін біле аласыз, оларды түзете немесе жоя аласыз және келісімді қайтарып ала аласыз. Мына мекенжайға жазыңыз: info@zhebelogistics.kz — 15 жұмыс күні ішінде жауап береміз.